Үш әйелі бар екенін айтқан блогер жауапқа тартылды

244
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LLSR2jinLNHA7slU3TmvNpArMRwP1y311NDJxqpY.webp

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған жарияланымдары үшін қазақстандық блогер Бауыржан Бақытжанұлы жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бірнеше күн бұрын ол Instagram парақшасында өзінің үш әйелі бар екенін айтқан еді. 

«Олар – менің өмірімнің сәні ғана емес, өмірімнің тыныштығы. Әрқайсының мінезі, арманы, уайымы әртүрлі. Мен мінсіз күйеу емеспін, бірақ күн сайын олардың өзін сүйікті сезінуі үшін барымды саламын», – деді блогер.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жарияланымдар интернет кеңістігін мониторингтеу барысында анықталғанын мәлімдеді.

 «Автордың жеке басы анықталды. Оған қатысты құқыққа қайшы контент орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін азамат әлеуметтік желідегі парақшасынан жарияланған материалдарды өз еркімен алып тастады», – делінген хабарламада.

Comments