Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталды

155
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NzAzcWbh0xhKPNlXsK5US8RwSnhk4YZPXMgpJBbz.webp

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын Түркия Республикасында ұстады. Бұл туралы полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының және Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Анталья қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 2021 жылдың тамызы мен қыркүйегі аралығында сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, азаматтардың сеніміне кіріп, 6 миллион теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденген.

16 шілдеде күдікті Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасына депортацияланды. Оны елге қайтаруға Қазақстан Республикасының Анталья қаласындағы Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ықпал етті.
 

Comments