Дубайда жарылыс дыбыстары естілді – куәгерлер

95
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wIw9i0JnOGYUj1NQUIoCFSHbU80fpgM660LsU6EJ.jpg

Бірқатар ақпарат көздері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Фуджейра портының жұмысы уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Reuters-ке сілтеп.

Алайда бұл ақпаратты БАӘ билігі әзірге ресми түрде растаған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, Иран күштері екі мұнай танкеріне соққы жасағаннан кейін порттағы жұмыстарға шектеу қойылған. Фуджейра порты Ормұз бұғазын айналып өтіп, мұнай экспорттауға мүмкіндік беретін әлемдегі маңызды мұнай логистикалық орталықтарының бірі саналады.

Сонымен қатар Reuters агенттігі Дубай қаласының орталығында жарылыс дыбыстары естілгенін хабарлады. Бұл туралы агенттікке куәгерлер хабарлағаны айтылды. Оқиғаға қатысты өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Comments