Жеңіл көлік үй ауласына кіріп, екі адам зардап шекті

96
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/e63rZFdOczBv6UTtKXhiyuNkVM1vqPI9eRAa7v0s.png

Алматы облысыда жеңіл көлік үйдің ауласына кіріп кетіп, салдарынан екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Қарасай ауданындағы Көксай ауылында болған. Әлеуметтік желіде жәбірленушілердің туысы оқиға туған күн өтіп жатқан кезде болғанын жазды. Оның айтуынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, қоршауды бұзып аулаға кіріп кеткен. Салдарынан бір әйелдің қабырғасы сынған, ал екінші жәбірленушінің аяғын кесуге тура келген.

Жазба авторы көлікті басқарған қыздың жүргізуші куәлігі болмағанын және оқиға кезінде көлікте тағы бірнеше адамның болғанын айтқан. Сондай-ақ жедел жәрдемнің кеш келгеніне қатысты да пікір білдірген.

Алматы облысы ПД аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Полицияның алдын ала мәліметінше, 24 жастағы жүргізуші Mercedes-Benz көлігін тізгіндеп келе жатып, басқаруды жоғалтып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Comments