ШҚО-да туризмді дамыту: қызметкерлерге жайлы демалыс, табиғатқа ұқыпты көзқарас

139
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zA1IY90M5Y7g4EISUN0jQCWfO5cD5368jNnwd3PL.jpg

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі ірі кәсіпорын басшыларын заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға белсенді атсалысуға шақырып, ең алдымен өз қызметкерлері мен олардың отбасыларына арналған демалыс базалары мен сауықтыру кешендерін салуға ерекше назар аударуға үндеді.

Оның айтуынша, бұл тәсіл еңбек ұжымдарының сапалы демалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, бірегей табиғи аумақтарға түсетін жүктемені азайтып, олардың ретсіз әрі бейберекет құрылысқа ұшырауының алдын алады.

– Біз Шығыс Қазақстанның бірегей табиғатын келер ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек. Көрікті жерлерді бейберекет салудың орнына экологиялық талаптарға сай, тұрғындардың мүддесіне жауап беретін заманауи инфрақұрылымы бар жүйелі жобаларды жүзеге асыру қажет. Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес өз қызметкерлеріне арналған сапалы демалыс базаларын салып, халықтың әл-ауқатын арттыруға әрі өңірдің тұрақты дамуына үлес қоса алады, – деп атап өтті облыс әкімі.

Comments
Other materials