Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Air Astana Дубайға рейстерді тоқтатты

94
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dNY5hQwNfFJQXhoyKECHsCw3AMEgZuw1dBpf01Aq.webp

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға қатынайтын рейстер кестесіне өзгеріс енгізді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

«Бүгін Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты келесі өзгерістер енгізілді. 12 шілде күні сағат 07:10-да Астанадан Дубайға ұшып шыққан KC205 рейсі ұшып шыққан әуежайға қайтарылады. Ал 12 шілде күні сағат 08:50-де Алматыдан Дубайға ұшуы жоспарланған KC897 рейсі тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Air Astana өкілдерінің айтуынша, рейсі тоқтатылған жолаушылар билетті сатып алған жері арқылы оның толық құнын қайтарып ала алады.

Әуе компаниясы рейстер кестесіндегі қосымша өзгерістер туралы ақпарат кейінірек жарияланатынын мәлімдеді.

Comments