Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев 13–14 шілде күндері Қытайға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Қытайдың СІМ хабарлады.
Мәліметке сәйкес, қазақстандық министрдің сапары Қытайдың министрі Ван Идің шақыруымен өтеді.
Әзірге тараптар сапардың күн тәртібі мен қаралатын мәселелерге қатысты қосымша ақпарат жариялаған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрі Иранның бұрынғы көшбасшысымен қоштасу рәсіміне қатысқан.
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
