Украинада Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырап, экипаж түгел қаза тапты

114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/27dJqcocUFrxya7f4uIsGEDf2LBlAkLGteR56rjN.webp

Фото: Report

Украинаның Полтава облысында жаудың ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) тосып алу кезінде Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы УНИАН агенттігіне сілтеме жасаған Report басылымы Львов облысындағы Броды қалалық кеңесінің мәліметіне сүйеніп жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

«2026 жылғы 30 маусымда жаудың ұшқышсыз ұшу аппараттарын тосып алу бойынша жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Ми-8 тікұшағының экипажы қаза тапты», – делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес, апат салдарынан экипаждың барлық мүшесі көз жұмған. Олардың қатарында капитан Юрий Ворон, майор Валентин Мукшинов, аға лейтенант Богдан Хмель және кіші сержант Михаил Деряга бар.

Сонымен қатар, ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің күштік құрылымдарындағы дереккөздер 16-жеке армиялық авиация бригадасының штурман-ұшқышы Валентин Мукшиновтың Полтава облысында «Герань»соққы беруші дрондарының қолданылуы салдарынан қаза тапқанын мәлімдеген.

Comments