Зеленский АҚШ-қа алғыс айтты

225
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UBpp0OPb9TLJimFPIKI0fWP0RqUrZbCqcZkC8vLr.jpg

4 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үй басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Дональд Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтаған.

Әңгімеден кейін Зеленский АҚШ-қа Украинаға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Американың біздің тәуелсіздігімізді қорғау жолында қолдау көрсетіп отырғанын аса жоғары бағалаймыз», – деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.

Зеленскийдің айтуынша, тараптар соғысты аяқтау мәселесін талқылаған.

«Бұл соғысты аяқтаудың нақты мүмкіндігі бар, ал Американың табандылығы шешуші рөл атқарады», – деді Украина президенті.

Сондай-ақ ол тараптардың келіссөздерді келесі аптада Анкарада өтетін НАТО саммиті барысында жеке форматта жалғастыруға келіскенін мәлімдеді.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің Ақ үй басшысы Дональд Трампмен Украинадағы жағдай талқылағанын жазған едік.

Comments