Алматыда жол апаты жиі болатын аудан аталды

247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Алматы қаласында 3 035 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 3 452 адам жарақат алып, 73 адам қаза тапқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews-ке сілтеп.

Бұл туралы 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығындағы ресми статистикалық мәліметтерде көрсетілген.

Статистикаға сәйкес, жол апаты ең көп тіркелген аудан – Алмалы ауданы. Мұнда бес ай ішінде 501 жол-көлік оқиғасы болған. Екінші орында 473 оқиғамен Алатау ауданы тұр. Үздік үштікті 456 апат тіркелген Бостандық ауданы түйіндейді. Сонымен қатар, Әуезов ауданында 429, Медеу ауданында 369, Түрксіб ауданында 337, Жетісу ауданында 270 және Наурызбай ауданында 200 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Мамандардың мәліметінше, қаладағы барлық жол апатының 60 пайыздан астамы Алмалы, Алатау, Бостандық және Әуезов аудандарының үлесіне тиесілі.

Жалпы, бес айдың ішінде орын алған жол-көлік оқиғалары салдарынан 3 452 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Орта есеппен алғанда, Алматыда тәулігіне 20-ға жуық жол апаты болып, күн сайын 22-ден астам адам зардап шегеді.

Comments