Фото: ҚР Экономика министрлігі
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация гуманитарлық және іскерлік миссиямен Ауғанстанға барды. Елге жалпы салмағы 318,8 тонна болатын гуманитарлық жүк жеткізілген. Бұл туралы Экономика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Ақпаратқа сәйкес, көмек құрамында қант, дәрі-дәрмектер, шатырлар және басқа да ең қажетті заттар бар.
Делегациямен бірге Кабул қаласына тоғыз қазақстандық дәрігер ұшып барған. Олар бір апта бойы пациенттерге кеңес беріп, практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ ауғандық медиктер үшін мастер-кластар өткізеді.
Үкіметтің мәліметінше, Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізетін ең ірі мемлекет болып қала береді.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
