Қостанай облысындағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xUgmlT4quIPpvzFzOihKIshDaWbTNhtap85EFpiC.webp

Қостанай облысының Рудный қаласында «ERG Service» ЖШС Жөндеу-механикалық металл прокаты зауытының электрлі болат құю цехында жазатайым оқиға болып, болат балқыту пешіне шикіқұрам әзірлеуші маман қаза тапты. Бұл туралы кәсіпорын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиғаның болат қорыту пешінде жұмыс істеу кезінде болғаны хабарланды. Қайтыс болған азамат шихташы болып жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Компания қаза тапқан жұмысшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Компания ұжымы мен басшылығы қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза тапқан жанның отбасына қажетті көмек көрсетіледі" , – делінген хабарламада.

Comments