Бүгін, 19 маусымда Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президентін қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Іс-шара барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория президенті Яков Милатович ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
18 маусымда белгілі болғандай, Черногория Президенті Яков Милатовичтің Қазақстанға ресми сапары 18–20 маусым аралығында өтеді. Бұл сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асып отыр.
Бүгін екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі келіссөздері өтеді.
Related news
