АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты реттеуге бағытталған келісімнің жасалғанына қуанышты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.
Ол бұл туралы Францияның Эвиан қаласында өткен G7 саммиті аясындағы сөзінде айтты. Трамптың айтуынша, келісімнің нәтижесінде Ормұз бұғазы жұма күні толық ашылады деп күтілуде. Қазір бұғаз ішінара жұмыс істеп тұр, ал оның толық ашылуы Пәкістан келісімге Швейцарияда қол қойылатынын растағаннан кейін жүзеге асады.
АҚШ президенті келісімге қол қою рәсіміне өзі қатыспауы мүмкін екенін, алайда бұл іс-шараға АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қатысатынын жеткізді.
Сонымен қатар Дональд Трамп Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ешқандай төлем алынбайтынын айтты.
The new mayor of Astana announced the deadlines for the completion of the LRT construction in the capital
