Жамбылда әскери дрон құлады

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/s3rlwg45fnobKnKjc72OQLkjjaRgByEJIZd03lpY.webp

Жамбыл облысы Талас ауданының аумағында әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға оқу-жаттығу кезінде болған.

«Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Халыққа және инфрақұрылым нысандарына ешқандай қауіп төнген жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс жағдайға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия оқиға орнына жіберілді», – деп мәлімдеді министрлік.

Қазіргі уақытта мамандар аппарат құлаған аумақты тексеріп, оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Comments
Other materials