Владимир Путиннің Қазақстанға жұмыс сапары кезінде Президенттің есімін тағы да қате атауы көптің назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл жолы Ресей басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімін қате айтып, оны «Сагран Кемелевич» деп атаған.
Оның бейнесі Кремльдің телеграм арнасында жарияланған.
Айта кетейік, Ресей президенті бұған дейін де Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімін бірнеше рет қате атаған. Әртүрлі жиындар мен кездесулерде ол Қазақстан көшбасшысын «Кемел Жомартович», «Кемел-Жемелевич» және «Келемич» деп атаған еді.
Related news
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts
