Астанада бетон араластырғыш көлік қаққан оқушы көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм елордадағы №27 мектептің 5-сынып оқушысы болған.
Қайғылы оқиға 26 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болған.
Полиция мәліметінше, Mercedes маркалы жүк көлігінің жүргізушісі велосипедпен жолды кесіп өтпек болған баланы қағып кеткен. Ауыр жарақат алған оқушы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Related news
After the noise. A new temporary head has been appointed to the "Shanyrak" children's village institution
