Қазақстан алкоголь тұтынудан Орталық Азияда көш бастап тұр

531
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GEc0oXOF794jfECNj1ocdYcUTPAHJZGfvfeSxmZV.jpg

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алкоголь тұтыну бойынша көш бастап тұр. Алайда ел ішінде халықтың спирттік ішімдіктерге жұмсайтын шығыны азайып келеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мен EnergyProm порталының деректеріне негізделген аналитикалық шолуда айтылған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі shyndyk.kz-ке сілтеме жасап.

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтар жылына жан басына шаққанда орта есеппен 5,4 литр алкоголь тұтынады. Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейде бұл көрсеткіш 10 литрден асады, ал Беларусьте 11,4 литрді құрайды.

Зерттеу қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтың айқын екенін көрсетеді. Қалалық жерлерде отбасылар алкогольге орта есеппен 23,2 мың теңге жұмсаса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш шамамен 16 мың теңге болған. Сарапшылар мұның бір себебі ретінде «Ішімдіксіз ауыл» жобасының кең таралуын атайды. Шолу деректеріне сәйкес, Қазақстандағы 280-нен астам ауыл алкоголь сатудан ерікті түрде бас тартқан.

2025 жылы алкогольге ең көп шығын жұмсалған өңірлер — Қарағанды және Павлодар облыстары. Бұл аймақтарда бір отбасының шығыны 38,1 мың теңгеден болған. Сондай-ақ Алматыда бұл көрсеткіш 36,7 мың теңгені құрады. Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.

 

Comments