Үздік дәрігерлерге 2,1 млн теңге сыйақы беріледі

124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ef7SmM5XulV6vTRrjXRqVxd6ikvvbjJHGIVqlKf3.avif

Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкер күні қарсаңында «Үздік маман – 2026» республикалық байқауының жеңімпаздарын анықтайды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Жеңімпаздар байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша іріктеледі. Қазір комиссия өңірлік деңгейде үздік атанған мамандардың кандидатураларын қарап жатыр.

Байқау 17 номинация бойынша өтеді. Әр жеңімпазға 500 АЕК көлемінде, яғни 2 162 500 теңге сыйақы беріледі.

Жеңімпаздар мына номинациялар бойынша анықталады:

– «Үздік стационар дәрігері»;
– «Үздік жедел көмек дәрігері»;
– «Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігері»;
– «Үздік ауыл дәрігері»;
– «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер»;
– «Үздік акушер»;
– «Үздік стационар мейіргері»;
– «Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек мейіргері»;
– «Үздік ауыл мейіргері»;
– «Үздік фельдшер»;
– «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы»;
– «Үздік медициналық колледж оқытушысы»;
– «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым»;
– «Үздік денсаулық сақтау менеджері»;
– «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы»;
– «Үздік провизор».

Министрлік өкілдерінің айтуынша, байқау медицина мамандықтарының беделін арттыру, мамандарды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

Comments
Other materials