Тағы бір әкімнің мәйіті табылды

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7hLtszaINqeo6h1V6uUFgFtdNCTIP5vChnKDOsW6.webp

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына қарасты Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Halyqstan телеграм-арнасы хабарлады. Бейресми деректерге сәйкес, шенеунік өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні болған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Ерлан Смайылов 1977 жылдың желтоқсан айында Май ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын математика және физика пәндерінің мұғалімі ретінде бастаған. 2000–2005 жылдары білім беру саласында қызмет атқарған. Ол Май ауылдық округінің әкімі қызметіне 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған.

Айта кетейік, әкім Қуанышбек Серікжановтың денесі табылғаны хабарланған еді.

Comments