Қоғамда қазақ биінің тарихы мен «Қара жорға» биінің шығу тегі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Осы мәселе төңірегінде танымал биші Шұғыла Сапарғалиқызы “Адырна” ұлттық порталының YouTube арнасына сұхбат беріп, өнер жолы мен би мәдениетіне қатысты өз ойымен бөлісті.
Сұхбат барысында ол тек шығармашылық жолы ғана емес, қазақ би өнерінің дамуы, шетелдегі тәжірибесі және ұлттық бидің болашағы туралы да кеңінен әңгімеледі.
