Қытайлық компания kaspi.kz акционері атанды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/kaspi-22.jpg

Tencent Қазақстандағы ірі цифрлық экожүйе Kaspi.kz акцияларының бір бөлігін сатып алып, компанияның акционері атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәміле аясында қытайлық компания Baring Fintech Venture Funds қорынан акциялар пакетін иеленген. Келісімнің нақты сомасы жарияланбағанымен, сарапшылар оның құны жарты миллиард доллардан асуы мүмкін екенін айтады. 

Тencent Kaspi.kz-тің ірі акционерлерінің қатарына қосылды. Компания басшысы Михаил Ломтадзе жаңа инвестордың келуін жоғары бағалап, бұл серіктестік ұзақмерзімді даму үшін маңызды екенін атап өтті.

Comments