Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас директоры қызметіне АҚШ азаматы Майкл Дэниел тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Жаңа қызметінде Майкл Дэниелдің негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін ашу бағытында жұмыс жүргізу.
Майкл Дэниел еңбек жолын АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық басқармасында (FAA) бастаған. Ол бұл ұйымдағы қызметінде ұшу пайдалану инспекторы, әуе кемелерін сертификаттау жөніндегі маман, ұшу қауіпсіздігі қызметінің жетекшісі, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар мен саясат бойынша аға менеджер сияқты бірқатар маңызды лауазымдарды атқарған.
Сонымен қатар, ол FAA-ның Франкфурт, Нью-Йорк және Вашингтон қалаларындағы халықаралық кеңселерінде жұмыс істеген. Бұдан бөлек, ол APEC-тің көлік қауіпсіздігі және авиациялық байланыс жөніндегі жұмыс тобын қоса алғанда, бірқатар халықаралық бастамаларды басқарған және Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен ынтымақтастық жасаған.
The new mayor of Astana announced the deadlines for the completion of the LRT construction in the capital
