АҚШ енгізген шектеулерге байланысты ирандық мұнай тасымалдайтын танкерлер өз бағыттарын өзгерткені белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеп.
Кеме қозғалысын бақылау деректеріне сәйкес, соңғы күндері жалпы көлемі 10,5 миллион баррель мұнай тиеген алты танкер кері қайтып, Иранға бағыт алған. Ал тағы екі танкер, шамамен 4 миллион баррель мұнаймен, 24 сәуір күні блокаданы бұзып өтіп, Азия елдеріне қарай жол тартқан.
Сарапшылардың айтуынша, АҚШ әскери күштері Иранмен байланысты кемелерді шығысқа, яғни Малакка бұғазы бағытына бұрып жатыр.
Related news
About 20 flights were delayed. Astana airport was closed due to the emergency landing of the Swissair plane
