Қазақстанның энергетика министрлігі мамыр айында «Достық» құбыры арқылы мұнай экспортының тоқтауына байланысты жеткізу көлемін балама бағыттарға қайта бөлгенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Министрлік мәліметінше, 2026 жылғы мамырда «Достық» жүйесі арқылы Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауыты бағытына мұнай транзитінің кестесі түзетілген. Осыған байланысты 260 мың тонна мұнай экспорты басқа маршруттарға қайта бағытталған. Атап айтқанда, 100 мың тонна мұнай Усть-Луга порты арқылы жөнелтіледі, ал 160 мың тонна Каспий құбыр консорциумы жүйесімен тасымалданады.
Энергетика министрінің кеңесшісі әрі ресми өкілі Әсел Серікпаеваның айтуынша, бұл шешім жүк жөнелтушілермен келісілген және тек операциялық сипатқа ие. Сонымен қатар, маршруттардың өзгеруі мұнай өндірудің жылдық жоспарына әсер етпейді.
«Экспорттық ағындарды қайта бағыттау толық келісілген. Қолданыстағы инфрақұрылым Қазақстанға әлемдік нарық алдындағы міндеттемелерін толық орындауға мүмкіндік береді», – деді министрлік өкілі.
Бұдан алдын Ресей 1 мамырдан бастап «Достық» мұнай құбыры арқылы қазақ мұнайын Германияға жеткізуді тоқтататынын айтқан. Мәскеу мұндай шешімді «техникалық мәселелермен» байланыстырған және «қазақстандық серіктестеріміздің барлық мүддесі басқа бағыттар арқылы қамтамасыз етіледі» деп уәде берген.
"Historical result": Kazakhstan's young tennis players placed in the top four at the World Championship
