Испанияның Севилья қаласындағы мерекелік жәрмеңкеде катапульта-аттракцион істен шығып, төрт адам жарақат алды. Бұл туралы Daily Mail жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Мәлімет бойынша, Катапульта аттракционы жұмыс істеп тұрғанда, кабинамен байланысқан арқан үзілген. Соның нәтижесінде кабина төмен қарай құлаған.
Осы оқиғадан кейін екі ересек адам мен екі бала жеңіл жарақат алған. Олардың жарақаттары жеңіл деп анықталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
JustMedia.ru хабарлағандай, Лаоста әуе шарында болған туристердің себеті электр беру желісіне зақым келтіріп, нәтижесінде мыңдаған үйде электр қуаты тоқтады.
Related news
