Астанада Кенен Әзірбаев көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТЖМ-ге сілтеп.
Алдын ала мәлімет бойынша, 7-қабаттағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құтқарушылар өртті толық оқшаулау үшін су беруді үздіксіз ұйымдастырып, арнайы штаб құрған. Сондай-ақ бірнеше жедел учаске жұмыс істеп, тұрғындарды эвакуациялау шаралары жүргізілуде.
ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат 112 нөміріне түспеген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Related news
