Қарағанды қаласында жеңіл автокөлік салонынан 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға қала аумағында болған. Көлік ішінен табылған әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталған. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, күдіктіні іздестіру шаралары жүргізілуде.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Related news
"I will stop the Nazarbayev clan": Hasen Kozhakhmet announced that he wanted to become the President of the Republic of Kazakhstan
