Иран Ормұз бұғазы маңында екі кемені ұстады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0WlEhLuRDnlX5O4eMyJjaDa5ffRQlgZo2h1Mr2te.webp

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормұз бұғазы маңында рұқсатсыз өткен екі контейнерлік кемені ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы шетелдік БАҚ-қа сілтеп.

Корпус мәліметінше, ұсталған кемелер MSC Francesca және Epaminondas. Әскери құрылым Epaminondas кемесі АҚШ әскери күштерімен байланыста болуы мүмкін, ал MSC Francesca Израильмен байланысты деген күдік барын мәлімдеді.

БАҚ дерегінше, екі кеме де тексеру жүргізу үшін Иранның аумақтық суларына жеткізіледі. Онда жүктің мазмұны мен құжаттары мұқият тексерілмек.

Epaminondas кемесі Либерия туы астында жүзіп, Үндістандағы Мундра портына бағыт алған. Корпус мәліметінше, бұл кеме 2024–2026 жылдар аралығында АҚШ-тың 11 портында 36 рет аялдап, шамамен 299 мың тонна жүк түсірген.

Comments
Other materials