Құрылыс алаңындағы ашық кабель. Теміртауда үш бала токқа түсті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jcFccQ09TLssMAkLTRvjnXkFw7k0hMyblCcF5RGW.jpg

Теміртауда үш баланы ток соғып, ауруханаға түсті. Полиция оқиға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Адырна".

Төтенше жағдай 22 сәуірде болған. Құрылыс алаңындағы қақпаның үстінен ашық жатқан, еш оқшауланбаған кабель тартылған.

Маңайда ойнап жүрген балалар қақпадан өтіп, түсіп кеткен добын алмақ болады. Сол кезде бір баланы, артынша оған көмектеспек болған тағы екі баланы ток ұрады. Қазір олар ауруханаға түсті, қазір дәрігерлер бақылауында.

Полиция «Салғырт қарау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шараларын жүргізуде», – деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Comments