АҚШ-тың зымыран қоры азайды – CNN

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2hGZx776sIwcYR7JYIuOZBG5eBWHFNaz6yRI0fWO.webp

АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы негізгі америкалық зымыран қорын айтарлықтай азайтты. Бұл туралы CNN телеарнасы айтты, деп хабарлайды «Адырна»  тілшісі.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, жеті аптаға созылған соғыс барысында АҚШ Precision Strike Missile жедел-тактикалық зымырандарының кемінде 45 пайызын, баллистикалық нысаналарды қағып түсіруге арналған THAAD кешені зымырандарының кем дегенде жартысын және Patriot кешенінің зымыран-тосқауылдарының шамамен 50 пайызын жұмсаған. Бұл бағалаулар Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) жаңа талдауында келтірілген.

Сарапшылардың бағалауынша, бұл алдағы бірнеше жыл ішінде жаңа қақтығыс туындаған жағдайда қысқа мерзімде оқ-дәрі тапшылығы қаупін тудырады. Бұған дейін Пентагон зымыран өндірісін арттыруға көмектесетін бірқатар келісімшарт жасасқаны атап өтіледі. Алайда өндіріс көлемі ұлғайтылғанның өзінде бұл жүйелердің қорын толықтыру мерзімі үш жылдан бес жылға дейін созылады.

«Оқ-дәрінің жоғары көлемде жұмсалуы Тынық мұхитының батыс бөлігінде осалдық кезеңін қалыптастырды», – деді басылымға АҚШ Теңіз жаяу әскерінің отставкадағы полковнигі Марк Кансиан.

Ал Пентагонның бас өкілі Шон Парнелл тілшілерге әскерилердің президент таңдаған уақыт пен жерде міндеттерді орындауға қажетті барлық мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.

Comments