Ресейдің әуе-ғарыш күштері "Союз-2.1б" зымыран-тасығышының көмегімен әскери мақсаттағы спутниктерді орбитаға шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі мәліметінше, ұшырылым 17 сәуір күні Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағынан жүзеге асырылған.
Ведомствоның хабарлауынша, зымыран белгіленген уақыт бойынша ұшырылып, старт штаттық режимде өткен. Ұшырылғаннан кейін «Союз-2.1б» жерүсті өлшеу кешендерінің бақылауына алынған.
Ғарыш аппараттары Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай орбитаға жеткізілгені атап өтілді.
Related news
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
