Қарағандыда 1 жас 3 айлық Кәусар Серік облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ата-анасының айтуынша, сәби ішек инфекциясымен ауруханаға түсіп, кейін жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған. Дәрігерлер үш апта бойы ем жүргізгенімен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Марқұмның анасы ауыр халдегі науқасқа қажет жасанды тыныс алу аппаратын Астанадан алдыруға рұқсат берілмегенін мәлімдеді. Оның сөзінше, емдеу мекемесінде қажетті медициналық құрал-жабдықтар болмаған.
Қазіргі таңда оқиғаға қатысты ресми органдардың түсініктемесі күтілуде.
Related news
"I will stop the Nazarbayev clan": Hasen Kozhakhmet announced that he wanted to become the President of the Republic of Kazakhstan
