Қазгидромет 2026 жылдың наурыз айына арналған ауа сапасы бойынша мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресми дерекке сәйкес, елдегі 68 елді мекеннің 39-ында ауа ластануы төмен деңгейде тіркелген. Ал 16 елді мекенде көрсеткіш жоғарылаған, 9 елді мекенде жоғары, ал 4 елді мекенде өте жоғары деңгейде болған.
Ауа ластануы өте жоғары қалалар қатарына Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев және Абай енді.
Жоғары деңгейдегі ластану Атырау, Өскемен, Риддер, Теміртау, Павлодар, Түркістан, Талғар қалаларында және Шұбаршы, Қызылсай елді мекендерінде тіркелген.
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
