Бүгін, 17 сәуірде Алматы қаласында қоғамдық көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна".
Жол апаты Әуезов ауданында сағат 12:00 шамасында болған.
"№15 бағыттағы автобус жүргізушісі Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесімен қиылыста солға бұрылып, жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған №66 бағыттағы автобуспен соқтығысқан",- деп мәлімдеді ПД.
Жол апаты салдарынан екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді.
Related news
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".
