5,2 млрд теңге. Экс-шендіге қатысты іс тергеліп жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/i0964PmD1MxnFDeJs0DieXzk0f1Ixs6qtZfgv3Gj.webp

Қаржы мониторингі агенттігі «ҚазТемірТранс» компаниясының бұрынғы вице-президенті Азамат Қапеновке қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол қызмет бабын асыра пайдаланып, қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.

Ресми деректерге сүйенсек, Қапенов жүк вагондарын басқару қызметін ұйымдастыру кезінде өзіне жақын компанияларға негізсіз жеңілдіктер жасап, сол арқылы кәсіпорын мүддесіне зиян келтірген. Келтірілген шығын көлемі 5,2 млрд теңгеден асады.

Қазіргі таңда күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, сот шешімімен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бекітілген.

Залалды өтеу мақсатында прокурорлар «Достық» станциясындағы терминалды тәркілеу туралы өтініш түсірген. Сот бұл талапты қанағаттандырып, нысан мемлекет меншігіне өткізілді

Comments