Президент Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Cs4M6cil4sRE45VAkuFYCBa4XLIgxfSEFtJ1pYla.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Артемида миссиясының сәтті орындалуына байланысты құттықтау жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент өз хатында адамзаттың соңғы жарты ғасырдағы Айға жасалған алғашқы пилотталған сапары ғарышты игеру тарихындағы маңызды белес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жетістік әлемдік ғылым мен технологияның дамуына серпін беріп, жаңа буын зерттеушілер мен инженерлерді ынталандырады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың ғарыш саласындағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, NASA жүзеге асырып отырған «Артемида» бағдарламасының болашағына табыс тіледі.

Еске салайық, «Артемида-2» миссиясы аясында Орион ғарыш кемесі Айды айналып ұшып, кейін Тынық мұхитына сәтті қонған болатын. 

Comments