Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасы жайлы видео жариялаған блогер Әділетхан Молдахан тағы екі ай абақтыда отыратын болды. Бұған дейін ол 10 күнге қамауға алынған болатын, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Алматы қалалық ПД мәліметінше, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.
«Алдын ала тергеу шеңберінде сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын екі ай мерзімге санкциялады. Барлық мән-жайды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде»,– делінген хабарламада.
Бұған дейін блогер Алматыдағы жол апатына құқық қорғау органы қызметкері қатысқан болуы мүмкін деп мәлімдеген еді. 30 наурызда ол "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікпен ұсталып, он күнге қамалған еді.
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister
