Шабуылдан соң. Иран Ормұз бұғазын қайта жапқанын жариялады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7j3eBrumW3HoES5vgfTwZbQvK7OOkRJNb2sjXfGD.jpg

Иран Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан кейін Ормұз бұғазын қайтадан жауып тастады. Бұл туралы Fars агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарымен қатар Ормұз бұғазы арқылы танкерлердің өтуі тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Бұғаздың жабылуы Тегеран мен Вашингтон арасындағы екі апталық атысты тоқтату келісімі күшіне енген күнмен тұспа-тұс келіп отыр. Бұған дейін АҚШ және Израильмен қақтығыста қол жеткізілген бітімнен кейін екі танкерге Ираннан Парсы және Оман шығанағын қосатын бағыт арқылы қауіпсіз өтуге рұқсат берілген еді. Қазір қозғалыс тоқтатылды.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп 8 сәуір түнінде Иранмен екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеген еді. Кейін Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Ормұз бұғазын ашатынын айтып, бұл бұғаз әлемдік мұнай, мұнай өнімдері және сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің шамамен 20%-ын қамтитынын ескерткен. Ал 9 сәуірге қараған түні Израиль Ливанға жойқын соққы жасаған болатын.

 

 

Comments
Other materials