8 жаңа электр станциясы салынбақ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7TBTw5auBq8RVdWx8nEFydfeJ3YiHdYhXzS8a1WA.jpg

Елімізде көмір генерациясының ұлттық жобасы аясында 8 жаңа электр станциясы салынады. Бұл туралы Энергетика министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Негізгі басымдық базалық энергия көздерінің құрылысына беріледі. 2030 жылға дейін 7,8 ГВт жаңа және жаңартылған қуаттарды іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 8 жаңа электр станциясын салу және жұмыс істеп тұрған 11 станцияны жаңғырту көзделген»,- делінген хабарламада.

Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің маңызды тораптарын қамтиды. Оған Курчатовтағы конденсациялық электр станциясы (700 МВт), қуатты Екібастұз ГРЭС-3 (2 640 МВт), Қарағандыдағы (350 МВт) және Екібастұздағы (180 МВт) ЖЭС, сондай-ақ Жезқазған (500 МВт), Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларындағы жаңа ЖЭО құрылысы кіреді.

Жоба тек генерацияны арттыруды ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған станциялардың тиімділігін көтеруді де мақсат етеді. Жаңғырту нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейін 13%-ға төмендету жоспарланып отыр.

Comments