Ресейдің Чехиядағы ғимаратына шабуыл жасалды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NMAD2dqs40HvHGL3zVlUoqhedQShuLqrodlePZzZ.webp

Прага қаласында орналасқан Ресей ғылым және мәдениет орталығы ғимаратына белгісіз адамдар шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Чеш полициясының мәліметінше, шабуыл 26 наурыз күні кешкі уақытта жүзеге асқан және ғимаратқа жеңіл зақым келген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, шабуыл жасағандар іздестірілуде.

Игорь Гиренко хабарлағандай, шабуылшылар алты бөтелке отты қоспа лақтырған. Үшеуі ғимарат ішіндегі кітапханаға түскенімен жарылмаған, ал қалғандарының салдарынан өрт шыққан. Сондай-ақ, ғимараттың терезелері сынған.

Гиренко шабуылдың 27 наурызға жоспарланған Ресей мәдениеті күндерінің соңғы іс-шарасына байланысты жасалған деп болжайды. Алайда ол нақты күдіктілерді атаған жоқ және чех құқық қорғау органдарына жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді.

Comments