Алматы қаласында Дулати көшесі бойынд жол апатынан көлік аударылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға 24 наурыз күні түстен кейін болған. Оқиға орнынан түсірілген видеода екі жедел жәрдем көлігі мен патрульдік полиция автокөлігінің тұрғаны көрінеді.
Аударылған жол талғамайтын көлік кейін қайтадан дөңгелегіне тұрғызылған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.
Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін үш адамның өліміне әкелген жол апаты туралы хабарланған еді.
Related news
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".
