Әскери ұшақ апатқа ұшырап, алпыстан астам адам қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KpWvxd2RBcFgRhH7lHiDMqb8ehrdzjstOGmxkfVM.jpg

23 наурыз күні Колумбияда әскери Hercules C-130 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ria-ға сілтеп.

Бортта 128 адам болған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 66 адам қаза тапқан, 57 адам түрлі жарақат алған. Ал тағы төртеуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында енді. Қаза тапқандар арасында 57 әскери қызметкер, екі полиция қызметкері және алты экипаж мүшесі бар.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ жерге соғылған сәтте жарылыс болған. Бұл жанармайдың тұтануы немесе борттағы оқ-дәрінің детонациясымен байланысты болуы мүмкін екені айтылуда. Алайда Колумбияның ресми органдары қандай да бір шабуыл нұсқасын жоққа шығарып отыр. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ Пуэрто-Легисамо қаласындағы әскери базадан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған. Бұл қала Колумбия мен Перу шекарасына жақын орналасқан.

 

Comments