Ирак мұнай өндірісін 70 пайызға қысқартты — БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GvNfzzCKvV3OlUP1C6khoweOZ7hNCzPOLSSym6Ze.webp

Ирак АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталғалы бері мұнай өндірісін 70 пайызға дейін қысқартқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Басра аймағында орналасқан алты мұнай кен орнында өндіріс толықтай тоқтатылған.

Қазір Ирак билігі бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгеріс аймақтағы геосаяси жағдайға және энергетикалық нарықтағы тұрақсыздыққа тікелей әсер етуі мүмкін.

Comments