«Оскар-2026» жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OneoOGWbC14eEQt2bEZOiopSApEa179jVuob4CgF.jpg

АҚШ-та әлемдік кинематографияның ең беделді марапаты «Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды "Адырна".

16 наурызға қараған түні өткен кешті белгілі америкалық комик әрі тележүргізуші Конан О’Брайен жүргізді.

Биылғы салтанатты кеште Пол Томас Андерсонның туындысы мен Райан Куглердің жобасы басты фавориттер қатарынан көрінді. Негізгі санаттар бойынша жүлдегерлер тізімі мынадай:

  • Үздік режиссер: Пол Томас Андерсон («Шайқас артынан шайқас»);
  • Үздік фильм: «Шайқас артынан шайқас»
  • Үздік ер адам рөлі: Майкл Б. Джордан («Күнәхарлар»);
  • Екінші пландағы үздік әйел рөлі: Эми Мэдиган («Орудия»);
  • Екінші пландағы үздік ер адам рөлі: Шон Пенн («Шайқас артынан шайқас»).

«Оскар» кешінде «Франкенштейн» туындысы визуалды бейне мен дизайн бағытында көш бастаса, анимация саласында «Кей-поп-охотницы на демонов» фильмі қос бірдей мүсіншені (үздік фильм және үздік ән) қанжығасына байлады.

Сондай-ақ «Белгісіз мырза Путинге қарсы» (Mr. Nobody Against Putin) туындысы үздік деректі фильм атанды.

Comments
Other materials