Фото: Qov.kz
Әлеуметтік желілерде Астана көшелерінде жүріп бара жатқан зениттік зымыран кешені түсірілген видео тарады. Кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқылау тудырды, деп хабарлайды “Адырна” порталы Liter.kz сайтына сілтеп.
Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, әскери техниканың қала көшелерімен қозғалысы жоспарлы жауынгерлік дайындық шараларының бір бөлігі.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Оның барысында әскери техниканы басқару, жедел орналастыру және жауынгерлік тапсырмаларды орындау дағдылары пысықталады.
Қорғаныс министрлігі мұндай жаттығулар Қарулы күштердің бекітілген дайындық жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.
Сондай-ақ ведомство БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
After the noise. A new temporary head has been appointed to the "Shanyrak" children's village institution
Sholpan Korganbek dedicated the song to the great poet, philosopher-humanist, composer Abay Kunanbayev
