Тегеранда Мехрабад әуежайы өртенді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nAWgBGWTDPmCPFiP2wRiGtlARAZGPvooJ3u1Ybl3.webp

Иран астанасы Тегеранда Израиль мен АҚШ әуе соққыларынан кейін Мехрабад халықаралық әуежайы аумағында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, жарылыстар Тегеранның батыс бөлігінде болды. Куәгерлер бірнеше ірі өрттің шыққанын, соның ішінде Мехрабад әуежайы маңында қызыл жалын болғанын хабарлап отыр.

Мехрабад халықаралық әуежайы — Ирандағы ең көне және тарихи маңызы зор әуежайлардың бірі. 2000 жылдардың басына дейін ол елдің басты халықаралық әуе қақпасы ретінде қызмет еткен. Бұрын халықаралық рейстердің басым бөлігі дәл осы әуежай арқылы жүзеге асырылған.

Жолаушылар ағынының артуына байланысты билік жаңа әуежай салу туралы шешім қабылдады. 2004 жылдан бастап халықаралық рейстердің көпшілігі Имам Хомейни халықаралық әуежайына ауыстырылды. Бұл әуежай Тегераннан шамамен 30–40 шақырым оңтүстікте орналасқан.

Comments