Дрон шабуылы. Әзербайжан Иранға ескерту жасады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6tlp2NZhOPxXyikQhuXad0t8GIEPklI5pirICmnF.jpg

Иранның ұшқышсыз ұшу аппаратының соққысы салдарынан Нахичевань халықаралық әуежайының ғимараты зақымданып, екі бейбіт тұрғын зардап шекті. Бұл туралы Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, бұл шабуыл халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарына қайшы келеді.

«Біз Иран Ислам Республикасынан бұл оқиғаға қатысты қысқа мерзім ішінде түсініктеме беруді, жағдайды нақтылап, болашақта мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін шұғыл қажетті шаралар қабылдауды талап етеміз», — делінген мәлімдемеде.

Әзербайжан алдағы уақытта қажетті шаралар қабылдау мен мұндай әрекеттерге жауап қайтару құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.

 

 

Comments