15 наурыз жаңа Конституция күні болуы мүмкін

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KLLIQmvQOLzW39rlwOlBcy7hvK5SqkanjexVqnZ9.jpg

Егер жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтар жаңа Конституцияны қолдаса, елде Конституция күні 15 наурызда атап өтіледі. Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Журналистер министрге биыл Конституция күні 30 тамызда атап өтіле ме және референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданса, демалыс күні сақтала ма деген сұрақ қойды.

«Сіздер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Конституция жобасын оқыдыңыздар ма? Егер оқыған болсаңыздар, 94-бап дәл осы мәселе туралы. Екінші тармақта “Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн – мемлекеттік мереке“ деп көрсетілген. Яғни, халық жаңа нұсқаны қолдайтын болса, Конституция күні 15 наурызда атап өтіледі де, 30 тамызда мереке күшін жояды»,-деп жауап берді Сәрсембаев.

 

Comments