Түркістан облысында жергілікті тұрғын екі баланы қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, әйел ұсталып, қамауға алынған, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Әуелі бір баланы қағып кеткеннен кейін әйел оқиға орнынан қашуға тырысты. Алайда кейін басқа көшеде тағы бір оқушыны басып кеткен. Зардап шеккен балалардың бірі аман-есен үйіне жіберілсе, екіншісі қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдауда», – делінген хабарламада.
Related news
A hotel fire in Turkey claimed the lives of 76 people, and a national day of mourning has been declared
